Меню KDT
Дс-Жм 9.00-18.00
Павлодар қаласы, Олжабай батыр көшесі, 22а
pavlinnocentre@mail.ru,icropvl@mail.kz

Новости

Тірек мектебі-магниттік мектеп: тәжірибе және практика

Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы 2023 жылғы   27 қыркүйек күні Дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ – ИННОВАЦИЯ» лицей – интернатының базасында «Ресурстық орталықтар мен магниттік мектептердің қызметін ұйымдастырудың тиімді әдістері» атты облыстық семинар-практикум өткізді. Семинар жұмысына ресурстық орталықтардың үйлестірушілері, магниттік мектептер директорларының орынбасарлары қатысты.

2023-2024 оқу жылындағы ШЖМ жұмысының ерекшеліктері және нормативтік - құқықтық қамтамасыз ету туралы ақпаратпен Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының әдіскері сөз сөйледі.

ШЖМ-ні қолдаудағы РО рөлі, РО қызметіндегі менеджмент, цифрландыру жағдайында сессияларды ұйымдастыру туралы Аққулы ауылының ЖОМ, А.Байтұрсынов атындағы ЖОМ, Ақсу қаласының мектеп – лицейі директорларының орынбасарлары айтып берді.

«Үйлестіру кеңесі - ШЖМ-мен ынтымақтастық тәсілі» тақырыбында шеберлік сағатын гимназиялық сыныптары бар Шарбақты ЖОМ директорының бейінді оқыту жөніндегі орынбасары өткізді.

Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының әдіскерлері «Мектептегі менеджмент және көшбасшылық» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар барысында қатысушылар мектептің өзара іс-қимыл мәселелерін талқылап, табысты қызметке бағытталған жаңа, неғұрлым тиімді әдістерді іздеуде тәжірибе алмасты.

Соңында қатысушылар семинарда қаралған мәселелердің өзектілігін, оның практикалық маңыздылығын атап өтті, ұсынымдар әзірленді.

 Қатысушыларға РО және ӘК жұмысы үшін нормативтік құжаттардың электрондық базасы, семинар материалдары ұсынылды.

27.09
0


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь