2023 жылғы 21 қараша күні Дарынды балаларға арналған облыстық көпсалалы лицей-интернатының базасында Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы жалпы білім беру ұйымдарының педагогтері мен мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері үшін «STEАM әдісі – білім беру үдерісіндегі инновациялық технология» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді.
Спикерлер мектепке дейінгі білім беру жүйесінде STEM құзыреттілік модульдерін интеграциялау, STEAM сабағын жобалауға арналған білім беру ресурстары, білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту әдістері мен тәсілдері, STEAM тәсілін енгізу арқылы мұғалімдердің АКТ құзыреттілігін арттыру бойынша өз тәжірибелерін ұсынды.
Қатысушылар білім берудегі STEM тәсілінің негізгі сипаттамаларын, оның өзектілігінің себептерін, оқытудың тиімді әдістерін талқылады, білім берудің жаңа нысандары мен технологияларын пайдалану мүмкіндіктерін және мектеп ішінде STEM білім беруді енгізудің нақты жолдарын атап өтті.
Жұмыс қорытындысы бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді.