2024 жылғы 16 сәуірде Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы Павлодар қаласы №44 және № 29 сәбилер бақшалары аясында «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі - 2025» республикалық байқауының облыстық 2 кезеңін өткізді.
Кәсіби шеберліктің конкурстық марафонында озық атану құқығы үшін облысымыздың мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарының 10 педагогі сайысқа түсті.
Әділқазылар құрамында Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті, Б.Ахметов атындағы Жоғары педагогикалық колледжі оқытушылары және ББДИО әдіскерлері кіріктірілген ұйымдастырылған қызметі мен байқау қатысушыларының педагогикалық жұмыс тәжірибесінің қорғауын бағалады.
Байқау барысында педагогтер практикалық қызметті ұйымдастыру процесінде өздерінің кәсіби құзыреттілігін, балалардың белсенділігін қолдау және қызықтыру қабілетін көрсетті, сондай-ақ ұсынылған тақырыпқа мазмұнның өзектілігін, жаңалығын, қисындылығын және сәйкестігін аша отырып, өздерінің жұмыс тәжірибесін ұсынды.