Меню KDT
Дс-Жм 9.00-18.00
Павлодар қаласы, Олжабай батыр көшесі, 22а
pavlinnocentre@mail.ru,icropvl@mail.kz

Новости

“Оқу&матемалық сауаттылық: табысты синергия” республикалық сайысы өтті.

Ағымдағы жылғы 03 сәуір күні Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен және “Зерделі” ақыл-ой дамыту мектебінің ұйымдастыруымен кіріктірілген тапсырмалар арқылы педагогтердің оқу сауаттылығы мен логикалық ойлау қабілетін арттыру, күрделі тапсырмалардың шешу жолдарын үйрету арқылы қолдау көрсету және ынталандыру мақсатында “Оқу&матемалық сауаттылық: табысты синергия” республикалық сайысы өтті.
Республикалық сайысқа әр облыстан 5 қазақ тілі мен әдебиеті және 5 математика пәнінің мұғалімі қатысты.
Сайыс жұптық, топтық және финалдық кезеңнен тұрды. Павлодар облысының намысын қорғаған 6 педагогіміз жұптық сайыста жүлделі 2 орынды иеленді: Мурсалова Алмагуль Илдебаевна, Баянауыл ауданы, ҚаражарЖНББМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі; Рахимбаева Айнур Кендибаевна, Екібастұз қаласы, #25 қазақ қыздар гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі; Рахметова Айгуль Алжахановна, Ақсу қаласының Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі; Ержанов Кайрат Едилович, Екібастұз қаласы, #25 қазақ қыздар гимназиясының математика пәнінің мұғалімі; Раисов Мади Советович, Екібастұз қаласы, #18 жалпы орта білім беру мектебінің математика пәні мұғалімі;Омарова Айна Кенжегалиевна, Май ауданы, Көктөбе жалпы орта білім беру мектебінің математика пәні мұғалімі.
Сонымен қатар, топтық кезеңде Павлодар облысының командасы үздік ондыққа еніп, жақсы нәтиже көрсетті.
Қатысушыларды жүлделі орындарымен құттықтаймыз!

03.04
0


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь