Меню KDT
Дс-Жм 9.00-18.00
Павлодар қаласы, Олжабай батыр көшесі, 22а
pavlinnocentre@mail.ru,icropvl@mail.kz

Новости

Облыстың орта мектептері жас басшыларының кооперациясы

Білім беру саласындағы инновациялармен байланысты динамикалық өзгерістер мектеп әкімшілігінен білім беру процесін тиімді іске асыру үшін өзгерістерді басқарудың жаңа тәсілдерін талап етеді.

«Павлодар облысының Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы» КММ ағымдағы жылдың 25 ақпанында Жас басшы мектебінің дәстүрлі сабақтарын жаңа форматта ұйымдастырды. Басқарушылық өтілі 0-ден 3 жылға дейінгі Павлодар облысының орта білім беру ұйымдарының басшылары диалогтік режимде тиімді басшылық пен бақылаудың мәселелері мен шешімдерін талқылады.

        Дарынды балаларға арналған Облыстық көпсалалы лицей –интернат базасында 48 жас басшыларға арналған сабақтар басқару құзыреттерін қалыптастыру, стратегиялық көшбасшылық дағдыларын дамыту және мектептердің оқу-тәрбие процесінде сапалы өзгерістерді қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған. Әр кезеңде Диалог клубының қатысушылары тиімді басқару тетіктерін әзірледі.

        Менеджмент мәселелерін бірлесіп зерттеу, мектепті алгоритмдік басқаруды әзірлеу жас басшыларға жүйелі бақылау және ұтымды шешімдер қабылдау негізінде оқу-тәрбие процесінің сапасын қамтамасыз етудің пәрменді моделін жасауға мүмкіндік береді.

Мақсаттарға қол жеткізу үшін педагогикалық кооперация дағдыларын және олардың уақыт менеджменті жағдайында рефлексиясын Жас басшылар өздерінің білім беру ұйымдарында іске асыру үшін қабылдады.

25.02
0


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь