2025 жылғы 12 ақпанда Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы аудандық және қалалық білім беру бөлімдерінің мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды жетекшілік ететін әдіскерлеріне арналған «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеру мониторингін ұйымдастыру және жүргізу» тақырыбындағы әдістемелік сағат өткізді.
Әдістемелік сағатта күн тәртібіне сәйкес білім беру бөлімдерінің
әдіскерлері 2024-2025 оқу жылындағы Павлодар облысы мектепалды сыныптарының жеке даму карталарын толтыру қорытындысы туралы анықтамасымен таныстырылды. Сонымен қатар, мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеудің нормативтік-құқықтық актілеріне енгізілген өзгерістер туралы түсіндірме берілді.