2025 жылғы 10 ақпанда Павлодар қаласындағы №37 ЖОББМ базасында «Алматыкітап» баспасы қатысуымен семинар-тренинг өтті. Іс-шараға бастауыш сынып, цифрлық сауаттылық, орыс тілі, бейнелеу өнері, еңбекке баулу пәндерінің мұғалімдері, әдіскерлер және TopIQ платформасының өкілдері қатысты. Семинарға 400 педагог оффлайн, 600 педагог онлайн форматта қатысты.
Семинар барысында 2025-2026 оқу жылында қолданылатын «Цифрлық сауаттылық», «Бейнелеу өнері», «Еңбекке баулу», «Русский язык» (4-сынып), «Химия», «Биология» (7-8 сынып) оқулықтарының мазмұны, құрылымы және оқу процесіндегі маңызы талқыланды. Сондай-ақ, TopIQ білім беру платформасының жаңа мүмкіндіктері таныстырылды.
Іс-шара оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған оқулықтармен таныстыру мақсатында ұйымдастырылып, қатысушылар үшін пайдалы әрі мазмұнды болды.