Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы 2024 жылғы 18 желтоқсанда «Жас маманның өсу баспалдағы: кәсібилік, құзыреттілік, бастама» тақырыбында ауылдық мектептердің жас мамандарына арналған облыстық семинар өткізді. Семинар жұмысына 400-ге жуық педагог қатысты.
Мақсаты – табысты педагогтің ішкі көзқарасын қалыптастыру, жас мамандардың кәсіби құзыреттілігі деңгейін арттыру.
Спикерлер өз кәсіби өсуіндегі сенімділікті қалыптастыру тәсілдері, жас маманның жеке және әлеуметтік-педагогикалық бейімделуіндегі тәлімгер ұстаздың рөлі, кәсіби ойлауды дамытуда және инновациялық өзгерістерге дайындық, білім алушылардың зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру туралы тәжірибе алмасты.
Семинар аясында оқыту сапасын арттыру үшін бөлім бойынша және тоқсан бойынша жиынтық бағалауды құрастыру мен өткізу сұрағы қарастырылды.
Педагогтер семинардың тиімді практикалық маңызын атап өтті, жеке педагогикалық қызметін талдау және оны жетілдіру жолдарын табу мүмкіндігіне ие болды.