2024 жылдың 12 желтоқсан күні Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы бастауыш сынып мұғалімдеріне мақсатты мектеп мәртебесіне байланысты қиындықтарды еңсеруде қолдау көрсетуге бағытталған «Мектепті мақсатты санаттан шығару: қадамдық іс-шаралар жоспары» атты семинар өткізді.
Білім алушыларды ынталандырудың заманауи тәсілдері мен әдістері туралы өзекті мәселелерді талқылап, оларды еңсерудің тиімді стратегиялары қарастырылды. Мақсатты мектептің сын-қатерлерімен күресуге мүмкіндік беретін жеке іс-қимыл жоспарларын әзірленіп, ата-аналармен және қоғамдастықпен өзара іс-қимылдың тиімді стратегиялары таныстырылды. Қатысушылар «Мектепке бағдар» жобасы жұмысының негізгі аспектілерімен танысып, баланың жеке даму картасын қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар алды.