2024 жылғы 10 желтоқсан күні Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы «Дарынды балалармен жұмыс істеу ерекшеліктері» тақырыбында форсайт-сессия өткізді. Жұмысқа 400-ден астам педагог қатысты.
Үйлесімді тұлғалық өсу үшін жағдай жасау туралы «Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті» КеАҚ профессоры, п.ғ.к. Нурмагамбетова Ботагоз Амангельдиновна әңгімеледі.
Спикерлер ауданда балалар дарындылығын дамыту және қолдау, білім алушылармен жұмыстың тиімді тәсілдері, жобалық қызметті ұйымдастыру бойынша тәжірибелерімен таныстырды.
Қатысушылар дарындылық түрлерімен, дарынды балалармен жұмыс істеудің негізгі әдістерімен және тәсілдерімен, дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктерімен, әрбір оқушының әлеуетін ашу үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасаумен танысты.
Форсайт-сессия педагогтеріне дарынды балалармен жұмыстың негізгі ұстанымдарын модельдеу бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді.