2024 жылғы 06 желтоқсанда облыс басшыларының орынбасарлары мен педагогтері үшін Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы «Сабақ – заманауи мектепте оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы» тақырыбында әдістемелік сағат өткізді, оған 600-ден астам педагог қатысты.
Заманауи білім берудің негізгі міндеттері білім алушыларды белгілі білім жиынтығымен қаруландыру ғана болып табылмайды, сонымен қатар, олардың өмір бойы білім алу қабілеті мен ынтасын, командада жұмыс істеу, өзін-өзі өзгерту қабілетін қалыптастыру.
Бүгінгі сабаққа қойылатын талаптар қандай? Тиімді және сапалы білім беру үшін сабақты қалай құру қажет? Барлығын үйрету арқылы әркімді қалай оқытуға болады? Сабаққа дайындық барысында біз бұл сұрақтарды күнделікті қоямыз. Спикерлер заманауи сабақты құру бойынша барлық өзекті сұрақтарға жауап берді. Заманауи сабақтың моделін, қазіргі білім берудегі «мұғалім–оқушы» өзара әрекеттестік сипатын көрсетті. Сабақта формативті бағалауды ұйымдастыру.
Қорытындыда сабақты қысқа мерзімді жоспарлау бойынша ұсыныстар берілді.