2024 жылғы 29 қарашада Павлодар облысы білім беру басқармасының Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсының «Педагогикалық бастамалар – 2024 облыстық қорытынды кезеңін (қорғау) өткізді.
Конкурс мақсаты – білім берудің жаңа сапасына қол жеткізуді қамтамасыз ететін оқыту мен тәрбиелеудегі озық тәжірибені анықтау, педагог қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Конкурсқа облысымыздың мамандандырылған және жалпы білім беретін, мектепке дейінгі білім беру, қосымша білім беру және арнайы білім беру ұйымдарының педагогтері 5 бағыт бойынша қатысты:
1) «Білім беру жүйесіндегі менеджмент»;
2) «Шеберлік палитрасы»;
3) «Шығармашыл толқын»;
4) «Сабақ аяқталған соң...»;
5) «Психолог сандықшасы».
Конкурс қорытындысы бойынша келесі педагогтердің жұмыстары үздік деп танылды:
«Шеберлік палитрасы» бағыты (пән мұғалімдері) бойынша:
- Кожокар Виталий Александрович, Павлодар қаласының Дарынды
балаларға арналған №8 лицейдің география пәнінің мұғалімі;
«Психолог сандықшасы» бағыты бойынша:
(психологтер, логопедтер, әлеуметтік педагогтер, дефектологтер):
Конкурстың үздік жұмыстары «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсына жіберіледі.