Меню KDT
Дс-Жм 9.00-18.00
Павлодар қаласы, Олжабай батыр көшесі, 22а
pavlinnocentre@mail.ru,icropvl@mail.kz

Новости

Ауылдық және шағын жинақ мектептердің педагогтері үшін халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен бірлесіп 2024 жылғы 31 қазанда «Ауылдық білім берудегі орнықты даму және заманауи сын-қатерлер: стратегиялар, инновациялар және ынтымақтастық» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді

Конференцияның басты мақсаты мен міндеттері – ауылдық мектепте білім беру сапасын арттыру мәселелерін талқылау үшін пікірталас алаңын құру; ауылдық жерлердегі білім беру ұйымдарында білім беру қызметін тиімді ұйымдастыру бойынша инновациялық тәжірибені тарату; ауылдық мектепте білім беру сапасын арттыруға цифрлық білім беру ортасының әсері.

    Конференция Қазақстан, Эстония, Беларусь, Ресей, Қырғызстанның ауылдық және шағын жинақталған мектептер қызметінің маңызды аспектілеріндегі жұмыс тәжірибесін өзектендіріп, жалпылады.

Конференция жұмысына ҚР Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының, Қазақстанның Тұрақты Даму қорының, «Дарын» РҒПО, «БІЛІМ – ИННОВАЦИЯ», «Qanat» халықаралық қорларының қызметкерлері, Эстония, Қырғызстан, Беларусь, Ресей өкілдері, Алматы, Павлодар, Мәскеу қалаларының жоғары оқу орындарының ғалымдары, ПШО тренерлері, облыс орталықтарының басшылары, аудандық /қалалық кабинеттер меңгерушілері, әдістемелік кабинеттердің директорлары, жалпы білім беретін және мамандандырылған білім беру ұйымдарының педагогтері, республиканың барлық өңірлерінің әдіскерлері қатысты.Конференцияға республика мен шет елдерден барлығы 1000 педагог қатысты.

      Пленарлық отырыстан кейін конференция жұмысы тақырыптық алаңдарда жалғасты:

- Ауыл мектебін дамыту векторы: білім беру сапасын арттыруға бағдарлау.

- Оқытудың тиімді тәсілдері мен инновациялық технологиялары.

- Цифрлық трансформация: даму перспективалары мен жаңа мүмкіндіктері.

-Заманауи педагог және уақыт сынақтары.

Ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысқан педагогтар көтерілген мәселелердің маңыздылығын және ауылдағы білім беруді дамыту мәселелері мен перспективаларын шешудегі жаңалықты атап өтті.

 Конференция жұмысының қорытындысы бойынша ауылдық және шағын жинақ мектептер қызметінің басым бағыттарын айқындайтын қарар қабылданды.

 

31.10
0


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь