2024 жылғы 15 қазан күні Екібастұз қаласы «№9 балабақша - гимназиясы» құзыреттілік орталық базасында Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы «Бақытты бала» жобасы аясында «STEM-ді мектепке дейінгі білім беруге кіріктіру» тақырыбында workshop өткізді.
Өңірдегі балабақшалардың педагогтері STEM технологиясын, тиімді цифрлық ресурстарды, мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мультфильмдер жасау әдістерін қолдану тәжірибесімен бөлісті. Қатысушылар ұйымдастырылған іс-әрекет түрлерін қарастырды, оқу үдерісінде кіріктірілген ойынды оқытудың ерекшеліктері мен формаларын талқылады. Педагогтер үшін «Математика мен Легоның қызықты әлемі» көрмесі ұйымдастырылды.
Жұмыс аяқталғаннан кейін педагогтер өз әсерлерімен, кәсіби тәжірибелерімен және бақылауларымен белсенді бөлісті. Мәселелерді талқылау іс-шараның барлық қатысушыларының қызығушылығын тудырды.