Меню KDT
Дс-Жм 9.00-18.00
Павлодар қаласы, Олжабай батыр көшесі, 22а
pavlinnocentre@mail.ru,icropvl@mail.kz

Новости

«943 – елдің нысаналы мектептерін дамыту» республикалық жобасының жұмыс барысы

«943 - елдің нысаналы мектептерін дамыту» республикалық жобасы аясында Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы 2024 жылғы        23-27 қыркүйек аралығында педагогтерді әдістемелік сүйемелдеу, олардың кәсіби қиындықтарын анықтау мақсатында облысымыздың мақсатты мектептерінде 225-ке жуық сабаққа қатысты.

Жобалық кеңсенің ментор-әдіскерлері пән мұғалімдерінің білім беру тәжірибесін мектеп контексінде сабақтарды бақылау және олардың әлеуетіне сәйкес жеке қолдау тәсілі ретінде кері байланыс ұсыну арқылы жақсартуға ынталандырды.

Әдіскерлер сабақты жобалау және оны ұйымдастыру кезеңдерінде қиындықтары бар жас педагогтерге практикалық көмек көрсетті. Сабақтың құрылымы, тиімді жоспарлау, қысқа мерзімді сабақ жоспарларын құру, формативті бағалау бойынша ұсыныстар берілді.

 Қайта аттестаттаудан өтіп жатқан мемлекеттік аттестаттауға жататын мектептерге құжаттаманы дайындау, ескертулерді жою бойынша кеңестер берілді.

 Ж. Қараевтың танымдық-ізденушілік сипаттағы деңгейлік саралау технологиясы бойынша тапсырмалар жасау жөнінде ұсыныстар берілді, оларды орындау барысында білім алушылар жаңа білім алады. Бұл деңгейдегі тапсырмалар ақыл-ой әрекетінің келесі түрлерін орындауды талап етеді: талдау және синтездеу, салыстыру, негізгіні анықтау, жалпылау және жүйелеу.

27.09
0


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь