2024 жылғы 17 қыркүйек күні Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы облыстың жас педагогтеріне арналған «Жас мұғалімнің кәсіби қалыптасуындағы педагог-тәлімгердің жұмыс жүйесі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Тыңдаушылар ҚР БҒМ-нің «Тәлімгерлікті ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» бұйрығымен таныстырылды.
Педагогтер тәлімгерлікті ұйымдастыру бойынша тәжірибелерімен бөлісті: кәсіби бейімделу мәселелері, жастарды қолдау және ынталандыру, кәсіби дағдыларды дамыту: қызметті бағалау және түзету сияқты өзекті сұрақтарды көтерді.
Сабақ - оқу үдерісінің басты бөлігі. Заманауи талаптарды ескере отырып, мұндай сабақты қалай құруға болады? Жас мұғалімнің сабаққа психологиялық және әдістемелік дайындығы жөнінде ұсыныстар берілді.
Спикерлер «Басқаны оқыту үшін өзіне үйрену» педагогикалық зертханасын таныстырды. Тыңдаушылар тәлімгерлікті ұйымдастыру - жас мұғалімдердің біліктілігін арттырудың тиімді және нәтижелі тәсілі екенін атап өтті.