2024 жылғы 13 қыркүйек күні Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы аудандық/қалалық әдістемелік кабинет меңгерушілері мен әдіскерлеріне, мектеп басшылары мен орынбасарларына, педагогтерге арналған «Павлодар облысы білім алушыларының халықаралық зерттеулер нәтижелеріндегі функционалдық сауаттылығы» тақырыбында кезекті әдістемелік консалтинг өткізді.
2023 жылғы қараша-желтоқсан айларында Павлодар облысы бойынша 48 білім беру ұйымдары «Мектептерге арналған PISA» (PBTS) республикалық зерттеуіне қатысты.
Әдістемелік консалтингте қатысушылар білім алушылардың халықаралық «PISA-2022», республикалық «Мектептерге арналған PISA» (PBTS) зерттеулерінің нәтижелерімен және халықаралық «PISA-2025» зерттеуін өткізу форматымен, сондай-ақ ережелерімен таныстырылды.
Әдістемелік консалтинг соңында білім алушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту бойынша ұсыныстар берілді.