Меню KDT
Дс-Жм 9.00-18.00
Павлодар қаласы, Олжабай батыр көшесі, 22а
pavlinnocentre@mail.ru,icropvl@mail.kz

Новости

Педагогтер Scaffold жаңа инновациялық құралын үйренуде

2024 жылғы 20 маусым күні Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы Б. Ахметов атындағы Педагогикалық жоғары колледжімен бірлесіп дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназия базасында облыстың 100-ден астам педагогі, сондай-ақ республиканың барлық өңірлерінен онлайн қатысушылар қатысқан «SCAFFOLD-ӨМІРЛІК ҚҰЗЫРЕТТЕР» республикалық семинар-тренингін өткізді.
Б.Ахметов атындағы Педагогикалық жоғары колледжі басшысының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Смаилканова Алтын Агнасовна тренингке қатысушыларды Darya халықаралық жобасы шеңберінде Еуропалық білім беру қоры (ETF) және Еуропалық комиссияның бірлескен зерттеу орталығы (JRC) әзірлеген SCAFFOLD – құрал карточкаларының жиынтығымен таныстырды.
Б. Ахметов атындағы Педагогикалық жоғары колледжі Павлодар облысында SCAFFOLD карточкаларын енгізу бойынша пилоттық ұйым болып табылады.
Облыс педагогтері мен Б.Ахметов атындағы Педагогикалық колледж оқытушылары сөз сөйлеп, қатысушыларды SCAFFOLD карточкаларының жиынтығында ұсынылған әрбір құзыреттілікпен егжей-тегжейлі таныстырды.
SCAFFOLD-бұл ресми және бейресми білім беру педагогтеріне арналған карточкалар жиынтығы. Ол цифрлық, кәсіпкерлік, жеке, әлеуметтік құзыреттіліктерді, «оқу қабілеті» құзыреттіліктерін, сондай-ақ тұрақты даму саласындағы құзыреттіліктерді дамытуға ықпал ететін оқу сабақтарын жобалауға көмектеседі.
Семинар-тренингке қатысушылар SCAFFOLD карточкаларының жиынтығы туралы біліп, оқу үдерісінде карточкаларды қолданудың практикалық ұсыныстары мен мысалдарын алды. Іс-шара барысында семинар-тренингтің сапасын бағалауға, оң жақтарын анықтауға және болашақ іс-шараларды жақсарту бойынша ұсынымдар алуға мүмкіндік беретін сауалнама жүргізілгенін Павлодар облысы білім беру басқармасының Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының әдіскері Жолдыбаева Н.Н. атап өтті.

20.06
0


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь