Павлодар облысы білім беру басқармасының Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы 2024 жылғы 29 мамырда «Тиімді әдіскер - 2024» конкурсының облыстық кезеңінің ІІ турын өткізді.
Конкурс мақсаты: әдіскерлер жұмысының инновациялық тәжірибесін анықтау және тарату, олардың кәсіби деңгейін арттыру.
Конкурста іріктеу кезеңінен өткен облыстық, қалалық, аудандық әдістемелік қызметтерінен 8 әдіскер «Әдістемелік шеберлік» жобасын қорғады.
Қазылар алқасының шешімі бойынша жеңімпаздар анықталды.
Конкурс ережесі бойынша қорытындысы педагогикалық қызметкерлердің тамыз конференциясында жарияланады.