2024 жылғы 23 мамыр күні Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы «1000 мектепке әдістемелік көмек» жобасын іске асыру қорытындысы бойынша аталған жобаға енгізілген мектеп директорларының оқу – ісі жөніндегі орынбасарларымен облыстық семинар – практикум өткізді.
Семинар ҚР Оқу – ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары М.Т.Мелдебекованың алғы сөзімен ашылды.
Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы басшысының орынбасары Л.К. Ахмедиева осы жобаны іске асыру бойынша 2023-2024 оқу жылында өткізілген іс-шараларды қорытындылады.
Орталық әдіскерлері қатысушылармен мектепті дамыту бағдарламасы, мектепішілік бақылауды тиімді жоспарлау, оны іске асырудың негізгі тетіктері бойынша практикалық жұмыс жүргізді.
Кері байланыс барысында семинарға қатысушылар жобаның негізгі бағыттарын іске асыру бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
Семинарға қатысушылардың ынтымақтастық, өзара түсіністік атмосферасы және жақсы пікірлері одан әрі жұмыс істеу үшін жақсы мотивация болды.
Семинар соңында жобаға енген 31 мектеп ұжымына және жоба аясында әдістемелік қызметі үшін 10 менторға ҚР Оқу – ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің сертификаттары табысталды.