2024 жылғы 22 мамыр күні Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы жаратылыстану – математикалық бағыттағы пәндерінен 9 – сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттауға дайындау бойынша онлайн форматта семинар - практикум өткізді.
Семинар барысында пән педагогтері білім алушылармен жұмыс істеудің тиімді әдіс - тәсілдерімен бөлісті, геометрия бойынша есептерді шешудің ұтымды тәсілдерін қарастырды, алгебралық және геометриялық есептерді шешудің негізгі тәсілдерін көрсетті, физика, информатика, география сияқты таңдау пәндерінен қорытынды аттестаттауға дайындау бойынша 9-сынып білім алушыларымен жұмыс тәжірибесімен алмасты.
Қатысушылар семинардың практикалық маңыздылығын атап өтіп, ұсынымдар алды.