Меню KDT
Дс-Жм 9.00-18.00
Павлодар қаласы, Олжабай батыр көшесі, 22а
pavlinnocentre@mail.ru,icropvl@mail.kz

Новости

«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДУЭТ – 2024» КОНКУРС ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы 2024 жылғы 29-30 сәуір күні офлайн форматында «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДУЭТ»конкурсының финалын өткізді.

Конкурс жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін дамыту және өзін-өзі жүзеге асыру, тәлімгерліктің педагогикалық тәжірибесін тарату үшін жағдай жасау мақсатында өткізілді.

Конкурстың міндеттері:

- жас педагогтер мен педагог-тәлімгерлердің әлеуметтік мәртебесін арттыру;

- жас педагогтер мен олардың тәлімгерлерінің кәсіби өсуі, тұлғалық қалыптасуы, өзін-өзі жетілдіруі және өзін-өзі жүзеге асыруы үшін қолайлы жағдайлар жасау;

- педагог мамандығының беделін арттыру, командалық жұмыс мәдениетін қалыптастыру.

1 жылға дейінгі жұмыс өтілі бар жас педагогтер бейтаныс сыныпта ашық сабақ беріп, тәлімгермен «Құрметке бөленген ұстаз»презентациясын қорғады.

Конкурс қорытындылары:

Бас жүлде  –  Тұрдалы Дәмелі  Ілесқенқызы,  Бекишева КарлыгаСериковна, Павлодар қаласы Бауыржан Момышұлы атындағы ЖОББМ қазақ тілі мұғалімдері;

         І орын – Мүрсәлім Ділнәз Кенжебекқызы, Исмагамбетова Раушангуль Тулегеновна, Баянауыл  ауданының Шапық Шөкин атындағы №2 жалпы орта білім беру мектебінің  дуэті;

          ІІ орын – Мұхаметжан Сұңқар Қайнарұлы, Кажкеева Аяжан Кабиденовна, Ертіс ауданы Максим Горький ЖОББМ дуэті.

         ІІІ орын – Сүлеймен Жәмиля Сабыржанқызы, Купесова Аимгуль Бильгибаевна,Павлодар қаласының М. Әуезов атындағы ЖОББМ дуэті.

Номинациялар:

«Зияткерлердің педагогикалық дуэті»- Кашапова Азиза Фильгатовна - Тереңкөл ауданы Ынталы ЖОМ, Балташева Зару Токановна – Тереңкөл ауданы Қ.Оспанова атындағы №3 ЖОМ  педагогтері;

«Педагогикалық дуэт - жаңалық ашу» –Абдуллина СанияТагировна, Шиленкова Елена Решатовна,Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицей дуэті.

«Креативті дуэт» – Исмагулова Аружан Айдаровна, Жукова Татьяна Владимировна,Павлодар қаласының гимназиялық сыныптары бар инновациялық үлгідегі № 39 ЖОМ.  

Жүлдегерлер дипломдармен марапатталады, финалдық турға қатысушылар сертификаттар алады.

 

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

 



02.05
0


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь