Меню KDT
Дс-Жм 9.00-18.00
Павлодар қаласы, Олжабай батыр көшесі, 22а
pavlinnocentre@mail.ru,icropvl@mail.kz

Новости

Пилоттық жоба бойынша семинар

Ақсу қаласы білім беру бөлімінің Қалқаман ауылының орта мектебі базасында «Ауылдық тірек және шағын жинақты мектептерде жекелеген пәндерді оқытудың инновациялық тәсілдерін енгізу» пилоттық жобасы шеңберінде Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы тірек және магниттік мектептердің педагогтеріне арналған «Онлайн режимде оқыту кезінде тиімді цифрлық ресурстар» семинар - практикумын өткізді.

        Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының әдіскері «Математика», «Физика», «Химия», «Биология», «Ағылшын тілі» пәндері бойынша онлайн - оқытуды өткізуде оқу үдерісін ұйымдастыру және басқару туралы айтып берді. Тірек және магниттік мектептерде пилоттық жобаның іске  асырылуы, сабақ өткізу кезіндегі тәжірибе мен мәселелер туралы Ақсу қаласының ӘК меңгерушісі хабарлады.

  Семинардың практикалық бөлімінде Павлодар ауданының №1 Чернорецк ЖОББМ, Павлодар қаласының дарынды қыз балаларға арналған «БІЛІМ – ИННОВАЦИЯ» лицей – интернатының  педагогтері онлайн тиімді ұйымдастыру  үшін «Joyteka», «Lumio», «Phet-colorado», «Ophysics», «Falstad», «Quizwizzard» білім беру платформаларын және басқа да ресурстарды ұсынды.

Ұсынылған «Twee», «Conker» және басқа да жасанды интеллект қызметтерін қолдана отырып, жасанды интеллекттің негізгі әдістері мен технологиялары мұғалімдердің ерекше қызығушылығын тудырды, іс жүзінде оларды сабақ өткізу кезінде пайдалану мүмкіндіктерін қарастырды.

     Семинар соңында әдістемелік ұсынымдар берілді.

26.04
0


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь