2024 жылғы 11 сәуір күні Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы «Тіл тұғырым» жобасы аясында қазақ тілі мен әдебиеті және бастауыш сынып педагогтері үшін «Білім алушылардың эссе жазу дағдыларын қалай қалыптастыруға болады?» тақырыбында семинар – практикум өткізді.
Шығармашылық ойлауды және білім алушылардың ойларын жазбаша баяндауды қалай дамытуға болады? Бұл сұраққа жауап беру үшін облыс педагогтері эссе жазу бойынша өздерінің педагогикалық зертханаларын ұсынды. Жоғары сыныптарда эссе жазудың заманауи тәсілдері, педагогикалық технологиялары қарастырылып, интеллект – карталарды пайдалану, зерттеу дағдыларын дамыту, ПОПС, РАФТ, SEE тәсілдері, білім алушы эссе жұмыстарының портфолиосын қалыптастыру сияқты қызықты тәсілдер мен әдістер ашылды.
Семинар-практикум соңында әдістемелік ұсынымдар, бастауыш және жоғары сыныптарда эссе жазу алгоритмі берілді.