Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы 2024 жылғы 27 наурызда «ШЖМ-де бірлескен сыныптардағы сабақтарды жоспарлау ерекшеліктері» тақырыбында диалогтік алаң ұйымдастырды.
Қатысушылар – директорлар орынбасарлары, ресурстық орталықтар үйлестірушілері, әдіскерлер, педагогтер ШЖМ біріктірілген сыныптарында жұмысты ұйымдастыру мәселелерін талқылады, оқыту тәжірибесін жетілдіру қажеттілігін атады, біріктірілген сыныптарда кіріктірілген оқытуды ұйымдастыру бойынша және оларды шешу жолдары бойынша пікір алмасты.
Облысымыздың Железин, Ертіс, Ақтоғай және Тереңкөл аудандарының педагогтері 5-6, 7-8-сыныптарда бастауыш сыныптар, орыс тілі мен әдебиеті, биология, тарих, дене шынықтыру сабақтарын өткізуге арналған тиімді педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша іс-тәжірибелерін ұсынды.
Диалогтік алаң жұмысының қорытындылары бойынша ұсынымдар қабылданды.