2024 жылғы 13 наурызда Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы «Шағын жинақты мектептерде тілдік пәндерді оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында облыстық семинар өткізді.
Семинарға облысымыздың ауылдық және шағын жинақты мектептерінің қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндері бойынша 400-ге жуық педагогі қатысты.
Педагогикалық технологияларды қолдану оқыту уәжін дамыта отырып, сабақ тиімділігін арттырады, оқыту үдерісін неғұрлым табысты етеді.
Семинарға қатысушылар қолданылатын әдіс-тәсілдер тиімділігі, ББЖМ-ге дайындық, тапсырмаларды орындау барысында жіберілетін қателіктер, оқыту сапасының жетістіктеріне жетуге арналған топтық жұмыс туралы мәселелерді талқылады.
Педагогтер онлайн-платформалармен жұмыс, жұмыс парақтарын құру, сабақтың барлық кезеңінде АКТ-ны қолдану, сабаққа дайындық кезіндегі жасанды интеллект бойынша іс-тәжірибелерін ұсынды.
Семинар қорытындысы бойынша педагогтер ұсынымдар мен материалдар алды.