2024 жылғы 12 наурыз күні Павлодар облысының Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының жұмыс жоспарына сәйкес Екібастұз қаласының №24 көпсалалы гимназия мектебінің базасында Екібастұз қаласының білім беру бөлімі әдістемелік кабинеті «Білім саласын цифрландыру: мектеп ортасын табысты трансформациялау үшін әдістемелік қолдау» тақырыбында облыстық семинар өткізді. Пленарлық бөлімінде С. Торайғыров ат. № 22 МГ, №33 ЖОББМ, №35 МГ диалогтік алаңда мектеп тынысымен таныстырды. Қалалық білім беру бөлімінің әдіскерлерімен «Digital Teacher» жобасы аясында педагогтер белсенді жұмыс атқарса, ал «Қаладан-ауылға» жобасы аясында «Цифрлық білім беру - заманауи оқытудың кілті» тақырыбында жүзеге асты. «Тіл – тұғырым» жобасы негізінде «Тілтаным» білгірлер клубының жұмысы көрсетілсе, «Тәлімгерлік жас маманның кәсіби институты», «Білім берудегі цифрландыру: қажеттілік, өзектілік, нәтиже» тақырыбында шебер-сағаттары көрсетіліп, педагогтер арасында кері байланыс орнады.