2024 жылдың 13 наурыз күні Павлодар облысының Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы білім алушының оңтайлы дамуы, сапалы оқуы және қоғамда табысты интеграциялануы үшін жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында облыс педагогтері үшін «Жалпы білім беретін мектепте ерекше білімді қажеттілігі бар балаларды психологиялық–педагогикалық сүйемелдеу» тақырыбында семинар-практикум ұйымдастырды.
Пленарлық бөлімде орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің мазмұны, шарттары, сондай-ақ табыс жағдайын жасаумен ұштастыра отырып, әр баланы әртүрлі қызмет түрлеріне қосу тәсілдері қарастырылды.
Семинарға қатысушылар бастауыш және жоғары сынып сабақтарына қатысты. Дидактикалық оқыту әдістері, ойын тренингтері, әр білім алушыға сараланған және түрлі деңгейлі тәсіл ұсынылды.
Семинар соңында ұсынымдар берілді.