2024 жылғы 5 наурызда Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы «Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында заманауи педагогикалық технологияларды пайдалану» тақырыбында облыстық семинар өткізді.
Педагогикалық технологияларды қолдану оқыту уәжін дамыта отырып, сабақ тиімділігін арттырады, бұл оқыту үдерісін табысты етеді.
Семинарға қатысушылар білім алушыларды орыс тілінен олимпиадаларға дайындау, тапсырмаларды орындау кезінде жіберілетін қателіктер, сабақтың түрлі кезеңдерінде заманауи білім беру технологияларын қолдану, мәтіндермен жұмыс істеуде сыни ойлау тәсілдерін қолдану мәселелерін талқылады.
Мұғалімдер практикада қолдану үшін орыс тілі мен әдебиеті бойынша дидактикалық құралдар ұсынды.
Семинар соңында педагогтер ұсынымдар мен семинар материалдарын алды.