Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2024 жылғы 4-6 наурыз аралығында Алматы қаласындағы «Алтын Қарғалы» шипажайы базасында «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасының республикалық кезеңін өткізді.
Педагогикалық олимпиаданың негізгі мақсаты – жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге жас мұғалімдердің белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру.
Қатысушыларға Қазақстанда білім беруді дамытуды жақсартуда маңызды рөл атқаратын өздерінің бірегей идеясын таратуға мүмкіндік берілді.
Павлодар облысынан еңбек өтілі 5 жылға дейінгі 8 жас маман өз тәжірибелерін ұсынды.
КОНКУРС ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ:
I ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ИЕГЕРЛЕРІ:
Мухаметхан Аккумис, Баянауыл ауданының Үшқұлын негізгі жалпы білім беру мектебінің тәлімгері;
Мельникова Ирина Витальевна, Павлодар қаласының №17 жалпы орта білім беру саралап оқытатын бейіндік мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.
IІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ИЕГЕРЛЕРІ:
Шамгунова Альбина Ерканатовна, Павлодар қаласының Ахмет Байтұрсынов атындағы инновациялық типтегі жалпы орта білім беретін мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;
ГРАМОТАМЕН МАРАПАТТАЛДЫ:
Семей Назерке Берікқызы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған гимназияның қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі;
Машрапова Асия Еркиновна, Екібастұз қаласының білім беру бөлімінің №25 қазақ қыздар гимназиясының ағылшын тілі мұғалімі;
Соваровская Татьяна Николаевна, Павлодар қаласының №39 инновациялық үлгідегі гимназия сыныптары бар жалпы орта білім беру мектебінің ағылшын тілі мұғалімі
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!