2024 жылғы 26 ақпан күні Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы «Олимп шыңы» жобасын іске асыру аясында Торайғыров университеті базасында облыстың орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған тәжірибеге бағытталған семинар өткізді.
Торайғыров университетінің қауымдастырылған профессоры (доценті) Жанарсын Жуматовна Капенова «Олимпиадаларға дайындық принциптері» тақырыбында сөз сөйледі.
Спикер жалпы тілдік бейнені жасайтын лексикалық - семантикалық парадигма бойынша білім жүйесі,сөйлеу тақырыбын түсіндірудегі өзгергіштік, идеяларды қалыптастыру тәсілдері туралы айтты.
Тәжірибелік бөлімде педагогтер олимпиадалық тапсырмаларды орындады.
Жұмыс барысында семинарға қатысушылар олимпиадаларға дайындық бойынша идеялармен мен тәжірибемен алмасты.