Меню KDT
Дс-Жм 9.00-18.00
Павлодар қаласы, Олжабай батыр көшесі, 22а
pavlinnocentre@mail.ru,icropvl@mail.kz

Новости

Павлодар облысы бойынша «1000 мектеп» жобасын іске асыру бойынша түсіндірме жұмысы

2024 жылғы 19 ақпан күні Павлодар облысы Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы «1000 мектеп» жобасына енген 31 білім беру ұйымдарына және 10 менторларға арналған әдістемелік бағытта түсіндірме жұмысын өткізді.
«1000 мектеп» жобасы аясында алдымызға қойылған басты мақсат - білім беру ұйымының қызметі туралы ақпарат жинау, жұмыс барысындағы кемшіліктердің себептерін анықтау және түзетуге ұсыныс жасау, басшының орынбасарларына (МІБ жауапты орынбасар) әдістемелік және практикалық көмек көрсету.
Жоба аясында өзара бекітілген менторлар білім беру ұйымдарымен жоспар негізінде жұмыстар атқаруда.
Мектепішілік бақылау жүргізудің маңыздылығы ол мектептегі оқу-тәрбие процесінің жай-күйі туралы объективті және толыққанды ақпарат алуға, сонымен қатар білім сапасын арттыруға және педагогтердің кәсіби деңгейін жетілдіру мақсатында іске асырылып жатқан жұмыстардың тиімділігін жан-жақты зерделеуге және талдауға мүмкіндік береді.

21.02
0


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь