Меню KDT
Дс-Жм 9.00-18.00
Павлодар қаласы, Олжабай батыр көшесі, 22а
pavlinnocentre@mail.ru,icropvl@mail.kz

Новости

ЖАС ПЕДАГОГ: КӘСІБИ ӨСУ ЖОЛДАРЫ

2024 жылғы 20 ақпанда білім беруді дамытудың Инновациялық орталығы «Педагогты педагогикалық конкурстар мен олимпиадаларға қатысуға дайындау жүйесі» тақырыбында семинар-практикум өткізді, оған облыстың 350 жас педагогтері қатысты. Білім беруді дамытудың Инновациялық орталығының әдіскерлері педагогтер үшін де, білім алушылар үшін де республикалық конкурстар мен олимпиадалардың облыстық кезеңдерін өткізу қағидаларымен және кестесімен таныстырды.

Спикерлермен ретінде педагог-шеберлер, жаттықтырушылар, практик мұғалімдері, «Үздік педагог» атағының иегерлері шақырылды. Республикалық және облыстық конкурстар мен олимпиадалардың жүлдегерлері ретінде олар білім алушыларды пәндік олимпиадаларға дайындау бойынша өздерінің педагогикалық зертханаларын ұсынды.

Оқушыларды қызықтыру, ынталандыру, оны олимпиадалық қозғалысқа тарту, ойлаудың бірегейлігін жоғалтпау, сыни ойлау дағдыларын дамыту– мұғалімнің міндеті. Спикерлер ең бастысы-Олимпиада жеңімпаздарын іздеудің қажеті жоқ, оларды тәрбиелеу керектігін атап өтті.

«Табысты мұғалім-табысты оқушы» - бұл белгілі ақиқат семинарға қатысушылардың ұранына айналды және оларды конкурстар мен олимпиадаларға белсенді қатысуға ынталандырды.

21.02
0


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь