2024 жылғы 15 ақпан күні Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы 2024 жылғы жұмыс жоспары бойынша «Оқуға құштар мектеп» және «Тіл – тұғырым» жобалары аясында «Оқу мәтіні-оқу сауаттылығын қалыптастырудың негізі және негізгі құралы» тақырыбындағы әдістемелік шеберхана өткізді.
Семинарға облысымыздың мемлекеттік және ресми тілдерде оқытылатын сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің педагогтері (160 педагог) қатысты. Семинар барысында қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында мәтінмен әртүрлі жұмыс түрлері, заманауи технологияларды, формаларды, әдіс- тәсілдерді қолдану арқылы оқу сауаттылығын қалыптастыру бойынша тәжірибе алмасты. Әдістемелік шеберхананың соңында қатысушыларға әдістемелік ұсынымдар берілді.