Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы 2024 жылғы 15 ақпан күні «Ауылдық шағын жинақты мектептегі оқу-тәрбие үдерісінің ерекшеліктері» тақырыбындағы форсайт - сессия өткізді.
Семинар жұмысына Павлодар және Қостанай облыстарының білім беру ұйымдары басшыларының орынбасарлары, педагогтер, ресурстық орталықтардың үйлестірушілері, әдіскерлері қатысты.
Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының әдіскерлері «Ауыл мектебінде білім беру үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбын баяндады.
Ақтоғай, Май және Тереңкөл ауданының педагогтері білім сапасын іске асырудағы тиімді нысандар мен әдістер, сабақтарда интеллект-карталарды қолдану, білімді өз бетінше игеру, қажетті ақпаратты іздеу, іріктеу дағдыларын қалыптастыру, жеке дамудың негізгі элементі ретінде цифрлық құзыреттіліктерді дамыту, зияткерлік, шығармашылық іс-шараларды ұйымдастыру жөнінде тәжірибелерімен бөлісті.
Серіктестік аясында Қостанай облысының педагогтері заманауи цифрлық технологиялардың мүмкіндіктері арқылы білім алушылар үшін қолжетімді сапалы білім беруді қамтамасыз ету бойынша жұмыс тәжірибесін ұсынды. Қатысушыларға мультимедиялық сабақтың технологиялық әдістері, практикадағы функционалдық сауаттылық, GeoGebra бағдарламасын сабақта мультимедиялық білім беру үдерісін ұйымдастыру құралы ретінде пайдалануды көрсетті.
Онлайн-кездесу барысында педагогтер оқыту сапасын қамтамасыз етуге бағытталған оқытудың жаңа, тиімді әдістерін іздеуде тәжірибе алмасты.