2024 жылғы 13 ақпан күні Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы озық педагогикалық тәжірибені трансляциялау мақсатында Шарбақты ауданының Александровка ЖОМ 8- сынып білім алушыларына және Железин ауданының Алакөл ЖОМ 7-сынып білім алушыларына онлайн сабақтар ұйымдастырды.
Мақсаты: облыстың шағын жинақты және ауыл мектептерінің педагогтеріне озық тәжірибе тарату.
Онлайн сабақтарды «Павлодар облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісінің иегерлері – Павлодар қаласының А.Байтұрсынұлы атындағы инновациялық типтегі жалпы орта білім беретін мектебінің физика пәнінің мұғалімі Лымарчук Лариса Михайловна, Павлодар қаласының №17 сараланған оқытудың жалпы орта білім беретін бейіндік мектебінің химия және биология пәнінің мұғалімі Кончикова Надежда Геннадьевна өткізді.
Интерактивті режимдегі онлайн сабақтарда білім алушылар зертханалық жұмысты сәтті орындады, заттардың қасиеттерінің олардың кристалдық торларының: иондық, атомдық, молекулалық, металдық құрылымына тәуелділігін анықтауды үйренді, проблемалық мәселелерді шешті.
Білім алушылардың эксперименттік дағдылары мен зерттеу қызметін дамытуға сабақта цифрлық технологияларды қолданудың тиімділігі ықпал етті.