2024 жылғы 13 ақпанда Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы «Олимп шыңы» жобасын жүзеге асыру аясында ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған «Олимпиадаға дайындық барысында білім алушылардың жазылым дағдыларын жетілдіруге бағытталған тапсырмалар» тақырыбында семинар-практикум өткізді.
Семинар барысында педагогика ғылымдарының магистрі, «Шетел филологиясы» кафедрасының аға оқытушысы Маххабат Жұмабайқызы Байтемірова олимпиадаға білім алушыларды дайындау барысында күрделі болып табылатын жазылым дағдысы бойынша жұмыс әдістері мен формалары туралы өзекті мәліметтермен бөлісті. Педагогтер жазылым дағдыларын дамытуға арналған тапсырмаларды орындап, практикалық әдістерді талқылады, сонымен қатар қатысушылар әріптестерімен өз тәжірибелерімен бөлісуге мүмкіндік алды.