2024 жылғы 13 ақпанда Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы «Оқу мәтіні – оқу сауаттылығын қалыптастырудың негізі және негізгі құралы» тақырыбында әдістемелік шеберхана өткізді.
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығының негізгі дағдысы оқырмандық сауаттылық болып табылады. Бұл – оқылған мәтіндердің мағынасын түсіну, талдау, өзінің өмірлік міндеттерін шешу үшін зерделеу білігі. Облыс педагогтері бастауыш сынып оқушыларының функционалдық базалық сауаттылығының негізі ретінде мағыналық оқуды дамыту мәселелерін талқылап, сингапурлық әдістеме бойынша мәтінмен жұмыс істеу кезінде балалардың өзара іс-қимылының тиімді формаларын қарастырды.
Практикалық бөлімде облыс педагогтері оқырмандар сауаттылығын дамытудың тиімді әдістері мен тәсілдерін пайдалану бойынша іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Педагогтерге көмек ретінде шығармашылық топ пен бастауыш сынып мұғалімдерінің қауымдастығы әзірлеген 1-сыныпқа арналған «Жылдам оқудың тиімді тәсілдері», 2-сыныпқа арналған «Оқу дағдысын дамытудың тиімді тәсілдері», 3-сыныпқа арналған «Мәтіннің әр түрімен жұмыс», 4-сыныпқа арналған «Бастауыш сынып оқушыларының оқу сапасын және мәтінді түсінуін бағалау» атты тренажер-дәптерлер дидактикалық құралдары ұсынылды.