2024 жылғы 07 ақпан күні Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы педагогтердің үздік озық тәжірибесін ауыл мектептеріне трансляциялау бойынша Бобровка ЖОББМ 9 - сынып білім алушылары мен Тереңкөл ауданының педагогтері үшін онлайн-сабақ ұйымдастырды.
Мақсаты:ШЖМ және ауыл мектептерінің педагогтеріне үздік озық тәжірибесін тарату.Онлайн-сабақты Қазы жалпы орта білім беретін мектептің математика пәнінің мұғалімі, «Павлодар облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін» төс белгі атағының иегері Абсолямов Аскар Владимирович өткізді.
Онлайн - сабақта негізгі тригонометриялық функциялар, тригонометриялық функцияларды анықтау қасиеттері, оларды LearningApps білім беру платформасы арқылы шешу жолдары қарастырылды. Өзара ынтымақтастық кезінде мақсат қою, мәселе, міндеттерді және тапсырмаларды шешу кезінде білім алушылардың оқу қызметі жаңа қарқынға ие болды.