2024 жылғы 29 қаңтар мен 5 ақпан аралығында Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы жұмыс жоспары бойынша Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің бұйрығына сәйкес 2024 жылы мемлекеттік аттестаттауға жататын облыс мектептері басшыларының орынбасарлары үшін аттестаттау алдындағы кезеңде мектептерге әдістемелік көмек көрсету бойынша әдістемелік шеберханалар өткізді.
Негізгі мақсаты-білім беру ұйымдарына мемлекеттік аттестаттауға дайындықта әдістемелік көмек көрсету. Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау-олар ұсынатын білім беру қызметтерінің тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатында жүргізілетін рәсім.
Аталған іс-шараларды өткізу барысында ҚР Оқу - ағарту Министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы №486 «Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» бұйрығының негізгі тармақтары түсіндірілді.
Қатысушылар құжаттарды дайындау, 4 және 9 сынып оқушыларын компьютерлік тестілеу, балдарды санау және бағалауға көшіру, құжаттар тізімі және біліктілік талаптарына қызығушылық танытты.
Әр шеберлік сағатының соңында қатысушыларға әдістемелік ұсынымдар берілді.