2024 жылғы 24 қаңтарда Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы «Тіл – тұғырым» жобасы аясында «Ана тілді ұлттық құндылықтарға негіздей оқыту – елдік пен ерлікті қастерлейтін тұлға қалыптастырудың бастауы» тақырыбында облыстық әдістемелік шеберхана өткізді.
Семинарға облысымыздың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің және мемлекеттік тілде оқытатын бастауыш сынып мұғалімдері (100 педагог) қатысты.
Семинар барысында қазақ әдебиетіндегі батырлар жырын оқыту, ұлттық құндылықтар, салт-дәстүрлер, кейіпкерлер қарым-қатынасы, сонымен қатар, ұлттық құндылыққа негізделген білім берудегі тиімді әдіс-тәсілдер, әдебиеттік оқу пәнін оқытуда білім алушының бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру мәселелері бойынша педагогтер тәжірибе алмасты.
Семинар соңында тыңдаушыларға әдістемелік ұсынымдар беріліп, кері байланыс орнады.