Меню KDT
Дс-Жм 9.00-18.00
Павлодар қаласы, Олжабай батыр көшесі, 22а
pavlinnocentre@mail.ru,icropvl@mail.kz

Новости

«Мектепке дейінгі білім берудің эмоционалды интеллектісі» тақырыбындағы семинар –тренинг

Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы 2024 жылғы 24 қаңтар күні «Павлодар қаласының дарынды балаларіа арналіан «Білім-Инновация» ер балалар лицей-интернаты» КММ базасында «Мектепке дейінгі білім берудің эмоционалды интеллектісі» тақырыбында семинар –тренинг өткізді.

Семинар жұмысына  Павлодар облысының қалалық және ауылдық балабақшаларының 70 мектепке дейінгі білім беру ұйымының басшылары қатысты.

Көшбасшылар «Баршаға қолжетімді сапалы білім» ұлттық баяндамасының жобасында белгіленген ұлттық мақсаттар мен стратегиялық міндеттерді талқылады. Мектепке дейінгі білім беруге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету, дамыту, тәрбиелеу және оқыту процестеріне көзқарастарды өзгерту, мектепке дейінгі тәрбиеде жаңа әдістер мен тәсілдерді әзірлеуге жағдай жасау мәселелері қарастырылды.

Екінші бөлімде спикерлер эмоционалдық интеллект және оның даму жолы туралы өз тәжірибелерімен бөлісіп, «Менің эмоционалды интеллектім» тренингі ұйымдастырылды.

Семинар-тренинг соңында қатысушыларға әдістемелік ұсынымдар берілді.

24.01
0


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь