Меню KDT
Дс-Жм 9.00-18.00
Павлодар қаласы, Олжабай батыр көшесі, 22а
pavlinnocentre@mail.ru,icropvl@mail.kz

Новости

Педагог қызметін бағалау критерийлері мен тиімді көрсеткіштері

2024 жылғы 19 қаңтар күні Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы жалпы білім беру ұйымдарының педагогтері мен мектеп басшыларының орынбасарлары үшін «Құқықты мәдениеті толысқан қоғам» жобасы аясында «Білім деңгейлері бойынша педагог қызметін бағалау критерийлері мен тиімді көрсеткіштері» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырды.

Баяндамашылар педагогикалық технологияларды қолдану, сабақты бағалау және педагогтерді бағалау тәжірибесін, оқыту нәтижелеріне бағытталған мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін көрсетті.

Қатысушылар бағалау критерийлерінің ерекшеліктерін және білім деңгейі бойынша педагог қызметінің тиімді көрсеткіштерін, қолданыстағы оқыту әдістерінің өзектілігін және тиімділігін талқылады.

Жұмыс қорытындысы бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді.

 

22.01
0


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь