Меню KDT
Дс-Жм 9.00-18.00
Павлодар қаласы, Олжабай батыр көшесі, 22а
pavlinnocentre@mail.ru,icropvl@mail.kz

Новости

Инклюзивті білім беруде цифрлық технологияларды қолдану

            2024 жылғы 11 қаңтарда Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы мектепке дейінгі білім беру педагогтері мен психологтері үшін "Инклюзивті білім беруде цифрлық технологияларды қолдану" тақырыбында семинар ұйымдастырды.

Қазіргі уақытта қоршаған цифрлық кеңістік ерте жастан бастап баланың өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Цифрлық технологияларды қолдануды білім берудің жаңа тәсілі деп санауға болады, ол баланың оқуы мен дамуының сапалы жаңа мазмұнына сәйкес келеді, білім беру процесін ұйымдастырудың тиімділігін арттырады.

 Спикерлер оқу процесінде цифрлық білім беру ресурстарын тиімді пайдалану бойынша тәжірибелерімен бөлісті. Цифрлық оқыту қағидаттарының негізінде мүмкіндігі шектеулі баланың отбасына көмек көрсету және қолдау бойынша жұмыс тәсілдері қарастырылды, балалармен жұмыс істеу бойынша заманауи технологиялар  ұсынылды: ойын терапиясы, бизибордтар, электрондық қосымшалар, танымдық процестердің дамуына ықпал ететін Smart текше.

          Диалог барысында педагогтер цифрлық технологиялар баланың қабілеттері мен білімін жақсы бағалауға, оларды оқытудың жаңа, дәстүрлі емес формалары мен әдістерін іздеуге итермелейтінін атап өтті.

Семинар соңында ұсыныстар берілді

12.01
0


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь