2024 жылғы 5 қаңтар күні Павлодар облысының білім беру басқармасы, «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебі» ЖШС және «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы дарынды балаларға арналған Облыстық көпсалалы лицей-интернатының базасында «Алтын тұғыр» республикалық олимпиадасының өңірлік кезеңін өткізді.
Олимпиада мақсаты: бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізуге деген ұмтылысын арттыру, педагогтердің шығармашылық әлеуетін дамыту және педагогикалық шеберлігін жетілдіру, педагогикалық кәсіп мәртебесін арттыру.
Аталған олимпиадаға облыстың 86 педагогі қатысты.
9 педагог Грамотамен марапатталды.
8 педагог 1-орын иеленді;
18 педагог 2-орын иеленді;
17 педагог 3-орын иеленді.
Олимпиаданың қорытындысы Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының сайтында орналастырылған.
2024 жылғы 23 ақпан күні жоғары нәтиже көрсеткен 8 педагог «АЛТЫН ТҰҒЫР» олимпиадасының республикалық кезеңіне қатысады.
Сәттілік!