2024 жылғы 03 қаңтар күні Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы «Жақсы мектеп үшін жаңа мұғалім» жобасы аясында облыс педагогтері үшін мектебін ұйымдастырды. Әдістемелік шеберханалар бастауыш мектеп, қазақ, орыс және ағылшын тілдері, математика, география, физика, химия және биология пәндері бойынша өткізілді. Аталған шараға 1200-ден астам педагог қатысты.
Әдістемелік шеберханада әдіскерлер мен педагогтер функционалдық сауаттылық дағдыларын жетілдіру, білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды толықтырудың тиімді әдістері, дарындылығын дамыту және білім алушылардың ББЖМ-ға дайындық барысында нәтижелерін арттыруға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз ету бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді.
Рефлексия барысында мұғалімдер пәндерді оқытудың түрлі мәселелері бойынша ашық диалогтің тиімділігін атап өтті.