Меню KDT
Дс-Жм 9.00-18.00
Павлодар қаласы, Олжабай батыр көшесі, 22а
pavlinnocentre@mail.ru,icropvl@mail.kz

Новости

ЗАМАНАУИ САБАҚ: НЕНІ ЖӘНЕ ҚАЛАЙ ОҚЫТУ КЕРЕК?

2023 жылғы 22 желтоқсан күні  Павлодар қаласының Абай атындағы дарынды балаларға арналған  гимназия базасында Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы  «Заманауи сабақ – нәтижелі де сапалы білімнің негізі» тақырыбында семинар-практикум өткізді. Семинарға облыстан 70-тен астам жас педагогтер қатысты.

Сабақ оқу үдерісінің негізгі бөлігі болып табылады. Заманауи талаптарды ескере отырып, мұндай сабақты қалай құруға болады? Сабақ үстінде  білім алушылардың  шынайы қызығушылығын, шынайы құмарлығын оятып, олардың шығармашылық санасын қалыптастыратынына қалай көз жеткізуге болады?

Абай атындағы гимназия мұғалімдері 8 ашық сабақ ұсынды. Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының әдіскерлері, «Үздік педагог» атағын иеленген ұстаздар «Басқаларды тиімді оқыту үшін өзіңе үйрену» атты педагогикалық зертханасын көрсетті.

Қатысушылар сабақты құрастырушымен танысты және  қысқа мерзімді сабақты жоспарлауды қалай құрастыру керектігі туралы түсіндірмелер, «Сабақты қалай құру керек» жадынамасы берілді.

22.12
0


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь