2023 жылғы 20 желтоқсан күні Павлодар облысының Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы тарих және құқық негіздері пәндерінің мұғалімдеріне арналған «Тәуелсіз елдегі заманауи білім: дәстүр, тәжірибе және инновация» атты облыстық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.
Конференцияға Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің «Тарих» білім беру бағдарламасының басшысы, гуманитарлық ғылымдары жоғары мектебінің қауымдастырылған профессорлары, тарих мамандығы бойынша философия докторлары, әдістемелік кабинеттердің әдіскерлері, ПШО филиалының тренерлері, білім беру ұйымдарының тарих және құқық негіздері пәндерінің мұғалімдері мен жас мамандар қатысты.
Қатысушылар білім беру процесін ұйымдастырудың инновациялық тәжірибесімен танысты, мектепте ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың тиімді тәсілдерін талқылады, білім беру қызметін тиімді ұйымдастырудың сабақтастығы мен тәлімгерлік бойынша инновациялық практикаларды жүзеге асыру тәжірибесін ұсынды, оқытудың өзекті мәселелерін шешуді және білім сапасын арттырудың ұтымды жолдарын, оқытудан туындаған өзекті мәселелерді айқындауды қарастырды.