2023 жылдың 19 желтоқсанында Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы «Сабақтарда инновациялық әдістерді практикаға енгізу» тақырыбында химия-биология пәндерінің педагогтеріне арналған облыстық семинар - практикум жұмысын жүргізді.
Семинар барысында педагогтер білім алушыларды тәрбиелеуде заманауи және инновациялық әдістерді тиімді пайдалану, инновациялық әдістерді сабақтарда практикаға қолданудың пайдалары бойынша жұмыс тәжірибесін ұсынды.
Практикалық бөлімде семинарға қатысушылар химия-биология сабақтарында білім алушының интеллектуалдық,инновациялық және білім жетістігін дамытуға бағытталған түрлі әдістерді қолдану мәселелерін талқылады.
Семинарға қатысушыларға ұсынымдар берілді. Педагогтар семинардың практикалық маңыздылығын атап өтті.