Меню KDT
Дс-Жм 9.00-18.00
Павлодар қаласы, Олжабай батыр көшесі, 22а
pavlinnocentre@mail.ru,icropvl@mail.kz

Новости

Пәндік интеграция-оқыту тиімділігін арттыру факторы

      Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы 2023 жылғы 5 желтоқсан күні «Пәндерді интеграциялау-оқыту сапасын тиімді арттырудың шарты» тақырыбы бойынша ауыл мектептерінің педагогтеріне арналған облыстық семинар - практикум өткізді. Семинарға облыстың шағын жинақты мектептерінің педагогтері қатысты.

       Білім берудегі инновациялық процестер жоғары білімді, интеллектуалды дамыған тұлғаны даярлауды жетілдірудің резервтерін іздеу мәселесін өткір қояды.  Болашақ педагогтерді интеграцияланған оқытуға дайындау туралы  Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің ЖПМ оқытушы - сарапшысы    А.Д. Калимова айтты.

      Білім алушылардың білімінің ғылыми деңгейін арттыру тәсілі ретінде оқытудағы интеграцияланған тәсілді тәжірибеде Тереңкөл ауданы №2 Песчан ЖОББМ, Аққулы ауданы А.Баймульдин атындағы ЖОББМ, Успен ауданының М. Мәметова атындағы ЖОМ педагогтері ұсынды.

     Спикерлер бастауыш білім берудің тиімділігін арттыру, математика, география, информатика және басқа да оқу пәндерінің өзара байланысы мен интеграциясы факторы ретінде «Әлемді тану» және «Орыс тілі» пәндерін интеграциялау бойынша тәжірибелерімен бөлісті.      Семинар барысында білім беру сапасын арттырудың механизмдері мен тиімді технологиялары қарастырылды. Педагогтер семинардың өзектілігі мен практикалық маңыздылығын атап өтті. Әрі қарай жұмыс істеу үшін ұсынымдар алды.

06.12
0


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь